Конференция лигасындағы кезекті ықтимал қарсыласымыз белгілі

24.Jul.2023

“Ақтөбе” Конференция лигасының үшінші кезеңіне өткен жағдайда ЦСКА София — Сепси жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша “Ақтөбенің” үшінші кезеңдегі ықтимал қарсыласы анықталды.

УЕФА Конференция лигасының екінші кезеңінде өзара бақ сынасатын болгариялық “ЦСКА” (София) мен румыниялық “Сепси” жұбының жеңімпазы бізге қарсылас атанбақ.

Еске сала кетейік, КЛ екінші кезеңіндегі алғашқы матчты “Ақтөбе” грузиялық “Торпедоға” қарсы 27 шілде күні сырт алаңда, ал қарымта кездесуді 3 тамыз күні өз алаңында өткізеді.