Ислам Аманғали: «Хет-тригімді жақындарым мен туғандарыма арнаймын»

01.Jul.2023

“Арыс” қақпасына үш гол соққан ойыншымыз жеңісті матчтан кейінгі әсерін бөлісті.

— Барша жанкүйерлерімізге сәлем жолдаймын және бәрін бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Иә, жарақаттан кейін қалпыма келу қиындау болды. Біршама уақыттан бері алғаш рет бастапқы құрамда алаңға шығып, үш гол соғу бұйырған екен. Хет-тригімді барлық жақындарым мен туғандарыма арнаймын. Мен солар үшін бар күш-жігерімді салып ойнаймын, себебі жанұямды асырап-бағуым керек. Осындай мүмкіндік үшін тек Жаратқанға шүкіршілік етемін. Алдағы жоспар? Тоғыз ойын бойы жеңіс дәмін сезбеген едік. “Арыс” командасымен бұрыннан бітіспес қарсыласпыз. Енді жақсылап жаттығып, Алматыдағы “Қайрат-Жастармен” өтетін ойынға дайындаламыз.