Кеңесов — «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы

14.Dec.2021

«Ақтөбе» футбол клубы жас хавбек Арман Кеңесовпен жасалған келісім жайлы ресми хабарлайды.

21 жасар Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы бес дүркін чемпиондармен екі жылдық келісім-шартқа отырды.

Кеңесов қызыл-ақтардың сапына ресейлік «СКА-Хабаровск» клубынан ауысып келді. Өткен маусымда ол қызылордалық «Қайсарға» жалға беріліп, оның құрамында 25 матчта 3 доп соқты.

Павлодар футболының түлегі өткен біріншілік қорытындысы бойынша елдің ең үздік жас ойыншыларының үштігіне енді.

Арманға біздің клуб сапында сәттілік тілей отырып, «Ақтөбемен» жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі