Көп рақмет, Ерлан Айтбайұлы!
06.Jun.2023
Ерлан Жамантаев “Ақтөбе” футбол клубы басқармасының төрағасы қызметінен өз еркімен кеткенін ресми хабарлаймыз.
Айтбайұлы 2021 жылдың мамыр айында клубты қиын жағдайда қабылдап, “Ақтөбенің” үздік алтылыққа кіруіне еңбек етті. 2022 жылғы маусымда “ақ-қызылдар” соңғы турға дейін чемпиондық үшін таласып, ақыр соңында күміс жүлдегер атанды.
Ол үшін 2023 жылғы маусымдағы соңғы матч сенбі күні өткен “Ақтөбе” — “Шахтер” ойны болды. Жеңісті кездесуден соң ол “зига-зигаға” салып, жанкүйерлермен де, командамен де жылы қош айтысты.
“Ақтөбе” футбол клубы Ерлан Айтбайұлына алғыс білдіре отырып, оған, біріншіден, зор денсаулық, екіншіден, алдағы мансабына мол табыстар тілейді.