Лео Струмия: Матчтың үздік ойыншысымын ба? Ең бастысы, үш ұпай бізде

01.Oct.2023

“Астанамен” өткен кездесуде MVP атанған аргентиналық хавбек өз эмоциясын жеткізді.

Өте жақсы күн, біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бізді қолдауға келетін барлық жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді, бұл біз үшін таңғажайып дүние. Команда осы үш ұпайға еңбек сіңірді деп ойлаймын, әр ойыншы тамаша өнер көрсетті. Біз жақсы келеміз және маусымды дәл солай аяқтағымыз келеді. Команда үшін өте қуаныштымын. Матчтың үздік ойыншысымын ба? Бұл марапаттар жақсы ғой, алайда мен үшін ең бастысы үш ұпай алып, командаға жеңіске жету жолында көмектесу. Әрине, бүгінгідей сый-сияпат иелену керемет, бірақ мен бұл жайында ойламаймын. Ең бастысы жеңіске жету үшін командаға жәрдем беру. Бүгін әрбір ойыншымыз, бүкіл команда және фанаттарымыз да үздік болды деп ойлаймын. Иә, мен үшін бұл тамаша, бірақ ең бастысы үш ұпай бізде.