Лео Струмия: «Біз үш ұпай алғымыз келді, бірақ оның орнына екі ұпай жоғалттық»

26.Jun.2023

«Ақтөбе» командасының аргентиналық жартылай қорғаушысы Лео Струмия Премьер-лиганың 13-туры аясындағы «Мақтааралға» (1:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді.

— Біріншіден, бәріміз қатты қапалымыз, өйткені біз үш ұпай алғымыз келді, бірақ оның орнына екі ұпай жоғалттық. Қатты ашулы болып тұрғандықтан ештеңе айта алмаймын. Біздің қателігіміз қай жерде екенін түсінуіміз керек. Ал енді айтар сөзім жоқ, ойыннан кейін қатты ашуландым.

Сондықтан ертең не боларын көреміз, барлығын бірге талқылап, қай жерде қателік жасап жатқанымызды түсінуге тырысамыз. Біз титул үшін таласқымыз келсе, алға жылжуымыз керек. Біз неге жеңе алмайтынымызды түсінуіміз керек. Бірақ кейде футбол осындай болады. Бізде гол соғатын көптеген мүмкіндіктер болды. Біз бәріміз өз-өзімізге кәсіби және сын көзбен қарап, ең бастысы алға ұмтылуымыз керек!