Логвиненко, Ерланов, Шомко және Оразов ұлттық құрамаға шақырту алды

22.Sep.2021

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жария етті.


ҚФФ хабарлағандай, аталмыш тізімге «Ақтөбе» қорғаушылары Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко мен Темірлан Ерланов және жартылай қорғаушы Рамазан Оразов енді.

Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 9 қазан күні «Астана Аренада» Босния және Герцеговинаны қабылдайды. Ал 12 қазанда тағы өз алаңында Финляндиямен шеберлік байқасады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі