Лука Гадрани: «Үздік нәтиже көрсету үшін күнде жаттығамыз»

17.Jul.2023

Грузиялық қорғаушымыз сырт алаңдағы жеңістен кейін пікір білдірді.

— Көп рақмет! Бұл маңызды үш ұпай болды, себебі біз биыл чемпиондыққа талас жүргізіп жатырмыз. Үздік нәтиже көрсету үшін біздер күнбе-күн жаттығамыз. Иә, Конференция лигасы да жақын. “Сараево” мен “Торпедо” арасындағы алғашқы матчты қарадым. Екеуі де жақсы команда. Біз олардың ойнын саралап, өзімізді шыңдай түсеміз. Не шығатынын көреміз.