Милош Раичкович: «Бұл ойынның біз үшін маңызы зор еді»

02.Jul.2023

Черногориялық жартылай қорғаушы атакенттік “Мақтааралға” қарсы кездесуді түйіндеді.

— “Ақтөбе” сапындағы дебюттік голымды салғаныма өте қуаныштымын. Бірақ, бәрінен бұрын, біз бұл жақтан үш ұпай еншілей алдық. Матч қиынға соқты, себебі аптап ыстық тұрды. Алайда біз өзіміздің дәрежемізді және қандай команда екенімізді көрсете білдік. Қақпамызға гол жіберіп алған соң тез арада жиналып, ойынға орала алдық. Осылайша жеңіске жеттік. Бұл ойынның біз үшін маңызы зор еді.