Кеңесов «Ақтөбеде» қалады

21.Jun.2023

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов командадан кетіп қалды деген сыңайда хабарлама жарық көрді.

«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Кеңесов кеше ғана ұлттық құрамамен бірге Солтүстік Ирландиядан ұшып келіп, қазіргі таңда ақ-қызылдармен жаттығып жүр.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз.