Ихаб Ганаем – «Ақтөбе» ойыншысы

28.Jul.2023

«Ақтөбе» футбол клубы Ихаб Ганаем атты израильдік жартылай қорғаушымен келісім-шартқа отырғанын ресми хабарлайды.

27 жастағы орталық хавбек өз отанындағы “Бней-Сахнин” клубында кәсіби мансабын бастап, бірнеше маусым сәтті өнер көрсеткен.

Ганаем 21 жасқа дейінгі Израиль жастар құрамасында доп тепкен.

Тірек жартылай қорғаушы “Ақтөбеде” 66-нөмірмен ойнамақ. Кеше ол алғаш рет ақ-қызылдардың “Торпедоға” қарсы матчында ойын хаттамасына енді.