Рустам Омаров — #АқтөбеКаспий матчының бас төрешісі

07.Oct.2022

ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының 22-тур аясындағы болатын матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

Футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионаты
22-тур
8 қазан
Ақтөбе — Каспий

Төрешілер: Омаров Рустам, Васютин Сергей (Алматы), Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

VAR төрешісі: Байымбет Сәкен (Тараз)
AVAR төрешісі: Павлов Александр (Алматы)
Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)
Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

34 жасар Омаров жалпы өзінің мансаптық тарихында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 4 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның үшеуінде ақтөбеліктер жеңіске жетсе, біреуінде жеңіліс тапқан.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі