Самородов – бізбен бірге!

22.Dec.2023

Максим Самородов “Ақтөбе” футбол клубымен арадағы жаңа келісім-шартына қол қойды.

21 жастағы “Ақтөбе” түлегі 2019 жылы ақ-қызылдар сапында ҚПЛ-да дебют жасаған.

2020 жылы командамен бірге Бірінші лига жеңімпазы атанып, 2021 жылы шеберлігін шыңдады. 2022 жылы чемпионаттың күміс жүлдесін иеленіп, “Қазақстанның үздік жас ойыншысы” номинациясында озық болды.

2023 жылы қола жеңіп, ұлттық құрама сапында жұлдызы жанды да, мемлекет басшысының “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасы мен Конференция лигасында жасындай жарқылдаған Самородов “Ақтөбенің” бүкіл турнирлердегі үздік сұрмергені (7 гол + 5 ассист) атанды.