Сәттілік, Иска!

03.Jan.2024

Қазақстандық қорғаушы Ескендір Қыбырай келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты “Ақтөбемен” қош айтысты.

26 жастағы ойыншы 2022 жылғы маусым басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер аясында 30-дан астам ойынға қатысып, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол “Ақтөбемен” бірге күміс және қола медаль иеленді.

“Ақтөбе” футбол клубы Ескендірге өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді.