Сәттілік, Ихаб!

20.Jan.2024

“Ақтөбе” футбол клубы өзара келісім аясында израильдік жартылай қорғаушы Ихаб Ганаеммен арадағы еңбек шартын доғарды.

27 жастағы хавбек 2023 жылғы маусым ортасында ақ-қызылдар сапын толықтырып, “Ақтөбенің” екі турнирдегі сегіз матчына қатысқан. Сондай-ақ ол жастар командамыздың құрамында да өнер көрсетті.