Сәттілік, Роман!

05.Jan.2024

Ресейлік шабуылшы Роман Изотов өзара келісім бойынша мерзімінен бұрын “Ақтөбе” футбол клубымен қош айтысты.

27 жастағы ойыншы маусым ортасында ақ-қызылдар сапын толықтырып, ҚПЛ аясында “Ақтөбе” құрамында екі матчқа қатысты. Сондай-ақ жастар командасымен бірге Бірінші лигада жеті ойынға қатысып, алты гол соқты.

Шабуылшы Қазақстанның қола жүлдегері атанды.

“Ақтөбе” футбол клубы Романға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді.