Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

28.Jun.2023

Асыл дініміз Исламдағы аса қадірлі мереке — Құрбан айт адамзатты бір-біріне бауырмал, жанашыр болуға үндеп, жанындағы жақынымен көркем қарым-қатынас жасауға шақырады.

Әрдайым ынтымақ пен бірлікке бастап, ауызбіршілікті насихаттайтын Қасиетті Құрбан айт мерекесі баршаңызға құтты болсын!

«Ақтөбе» футбол клубы сіздерді осынау Ұлық мерекемен құттықтай отырып, жанұяларыңызға амандық, шаттық, мол бақыт тілейді! Шалған құрбандықтарыңызды Алла Тағала қабыл етсін!