Таңжарықов “Ақтөбе” құрамында қалады

22.Dec.2023

27 жастағы вице-капитан Әділхан Таңжарықов “Ақтөбе” футбол клубымен жаңа келісім-шарт жасасты.

Өз түлегіміз бір жылдары ақтаулық “Каспий” мен талдықорғандық “Жетісу” сапында да ойнаған. 2018 жылы туған командасына қайтып оралған Әділхан ақ-қызылдар капитаны дәрежесіне дейін көтеріле білді.

Соңғы екі маусымда “Ақтөбемен” бірге күміс және қола жүлдегер атанған ойыншы ендігі кезекте Қазақстан чемпионы атағын жеңу үшін барын салмақ.