«Ақтөбе» мен «Қазхром» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

22.Jul.2023

«Ақтөбе» футбол клубы мен ERG құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ демеушілік келісімге қол қойғанын ресми түрде хабарлайды.

«Қазхром» трансұлттық компаниясы жоғары сапалы хром шикізаты мен ферроқорытпаларды өндіру бойынша әлемдегі ең ірі өндіруші болып табылады. Компания Ақтөбе облысында 1938 жылдан бері жұмыс істейді. 80 жылдан астам уақыт бойы компания аймақтың маңызды экономикалық және әлеуметтік донорларының бірі болып табылады.

«Ақтөбе» ОФК» АҚ басқарма төрағасы Сергей Куленко «Қазхроммен» арадағы ынтымақтастық Қазақстанның бес дүркін чемпионының дамуына нақты әрі тұрақты серпін беретінін айтты. «Бұл «Ақтөбе» футбол клубы академиясы мен клубымыздың инфрақұрылымын жүйелі дамытуға қосқан үлес. Сайып келгенде, бұл ақтөбелік командалардың шағын футболдан, әйелдер футболынан Қазақстан чемпионаттарына лайықты қатысуы және Қазақстан Премьер-лигасында жоғары орындар үшін лайықты талас жүргізуі, сондай-ақ УЕФА аясындағы командаларымыздың ойыны», – деді ол.

Өз кезегінде «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев компанияның Қазақстанның ең үздік клубымен ынтымақтасатынына қуанышты екенін айтты. «Қала мен облыс тура мағынасында футболмен өмір сүреді. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері Ақтөбе матчтарына әрқашан қуана-қуана барады, командаға қолдау көрсетеді, ал балалар Ақтөбе футбол академиясына футболға қатысады. Туған қалаларымыздың әл-ауқатына үлес қосу – ERG мен Қазхромның корпоративтік жауапкершілігінің өзегі. Компания бір саламен шектеліп қалмай, әр түрлі салаға ден қояды: қалалық экологияны жақсарту, жаңа инфрақұрылымдық нысандарды салудан бастап — ақтөбеліктердің сүйікті футбол клубын қолдауға дейін. Біздің көмегімізбен даму стратегиясын дұрыс құрып, Ақтөбе ішкі чемпионатта ғана емес, одан тысқары жерлерде де көш бастап қалатынына сенімдіміз», – деп әсерін бөлісті Сергей Прокопьев.