«Біз Еуропаға қолымыздан не келетінін көрсеткіміз келеді». Лука Гадрани КЛ жеребесінің нәтижелері туралы

27.Jun.2023

«Ақтөбе» командасының қорғаушысы Лука Гадрани Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берген сұхбатында Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту қорытындысына қатысты пікір білдірді.

— Лука, жеребенің нәтижесі қалай болды?

— Бұл Конференция лигасының жеребесі біз үшін өте қызықты екенін айтқым келеді, өйткені әлеуетті бәсекелестеріміз болып табылатын екі команданың да жақсы тарихы бар және олар әртүрлі футбол елдерінен. Мен Грузия лигасының деңгейін және ойыншыларды білемін, бірақ Босния лигасы туралы көп білмеймін. Біз дайындаламыз, мотивация аламыз және еуропалық қауымдастыққа өзіміздің сапалы және ойын мәнерімізді көрсетуге тырысамыз.

— Торпедо Кутаиси – Сараево жұбынан кімді қарсылас ретінде көргіңіз келеді?

– Әзірге айта алмаймын, өйткені біз командаларды талдауды енді бастап жатырмыз.

— «Ақтөбе» алдында Конференция лигасының топтық кезеңіне өту міндеті тұр ма?

— Әрине, Ақтөбенің әрқашан үлкен мақсаттары бар, біз қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз.

Prosports.kz