Элдер Сантана: Бұл жеңіс бізге күш-қуат сыйлайды

01.Oct.2023

Бразилиялық форвард “Астананы” ұтқаннан кейінгі пікірін жайып салды.

Осынау маңызды жеңіспен баршаңызды құттықтағым келеді. Себебі бұл оңай жеңіс болмады және бізге әрқашан өте керемет кеш ұйымдастыратын жанкүйерлерімізді бұл жеңіспен құттықтаймын. Иә, бұл маңызды жеңіс және осы жеңіс бізге біршама күш-қуат сыйлайтыны жақсы. Маусымның аяқталуына аз қалды, барлық назарымыз соңғы матчтарда. Қазір демалып алып, қалған екі ойынға ораламыз. Әлі де ештеңе шешілген жоқ. Өзіме келсем, осындай фанаттар базасы бар жанкешті жанкүйерлердің алдында ойнау мен үшін ғанибет. Бұл тамаша нәрсе және жеңіс соларға арналады. Себебі жанкүйерлер бізге керемет эмоция сыйласа, біз де солай жауап беруге тиіспіз.