Элдер Сантана: «Жанкүйерлерімізге рақмет, күш бірлікте!»

02.Jul.2023

“Мақтааралмен” ойында нәтижелі пас берген бразилиялық шабуылшы өткен матчты қорытындылады.

— Команданы жеңіспен құттықтаудан бастасам деймін. Өйткені ойын оңай болмады ғой. Бүгін қатты ыстық болды, бірақ соған қарамастан жақсы ойнап шықтық деп ойлаймын. 2:1 есебімен жігерлі жеңіске қол жеткіздік. Бұл өте тамаша. Бүкіл командаластарыма алаңда барын салғаны үшін алғыс айтамын. Жеңіске жетіп, үш ұпай олжалау бізге қажет болатын. Сондай-ақ командамыздан қолдауын аямайтын жанкүйерлерімізге рақмет деймін. Күш — бірлікте!