Юрий Ковтун – “Ақтөбе” бас бапкерінің көмекшісі

14.Jan.2024

54 жастағы ресейлік бапкер Дмитрий Парфеновтың көмекшісі болып тағайындалғанын ресми хабарлаймыз.

Юрий Михайлович футболшы кезінде мәскеулік “Динамо” мен “Спартак” клубтарының және Ресей құрамасының қорғанысында абыроймен ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде “Тосно”, “Урал” және “Родина” сынды клубтарда еңбек етті.