Темір ауданында футболдан облыстық турнир өткізілді

02.Dec.2021

24-27 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай және 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында жарыс ұйымдастырылды.

Темір аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен облыстық турнирге 2005-2007 жылы туған жастар қатысты.

8 команда бақ сынаған дәстүрлі біріншілік жеңімпазы болып темірліктер танылса, күміс және қола жүлде тиісінше Қобда ауданы мен Есет батыр атындағы Ақтөбе мектеп-интернатына бұйырды.

“Ақтөбе” ФК футбол орталығының жетекшісі Валерий Прихно аталмыш аудан әкімі Саламат Аманбаевқа және Темір БЖСМ аға бапкері Берікқали Селбаевқа жергілікті футбол мен футзалдың дамуына көрсеткен қолдаулары үшін клубтың жейдесін сыйға тартты.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі