Ернар Жалбыров: «Гол соғу үшін әрі қарай да еңбектене береміз»

19.Apr.2022

«Ақтөбе-U21» аға бапкері Екінші лигадағы алғашқы тур аясында өткен «Академия-05» клубына қарсы кездесу (0:0) жайлы өз ойымен бөлісті.

— Баршаңызды маусымның басталуымен құттықтаймын. Бұл чемпионатты ұзақ күттік. Ойынға келсек, ойыншыларға тағар мін жоқ. Жақсы ойнады. Олар бапкерлік штабтың тапсырмасын орындап шықты. Өздеріңіз көргендей, ақырғы фазада сәттерімізді жүзеге асыра алмадық. Алайда бұл бағытта жұмыс жасаған болатынбыз. Егер өз мүмкіндіктеріңді салмасаң, сен ешқашан жеңіске жетпейсің. Гол соғу үшін әрі қарай да еңбектене береміз.

— Біріншіліктің жаңа командасы — «Академия-05» футбол клубына қандай баға бере аласыз?

— Біз қарсылас туралы хабардар болдық. Бірақ ол жайында онша ақпарат болған жоқ. Команда жаңа. Екінші лигада өнер көрсетіп бастап жатыр. Жігіттері жас, амбициясы көп. Соңына дейін ойнайды. Оларға тек сәттілік тілейміз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі