Рақмет, Никита!

01.Aug.2022

«Ақтөбе» мен ресейлік жартылай қорғаушы Никита Маляров өзара келісім аясында еңбек шартын тоқтатты.

32 жасар ойыншы ақ-қызылдардың құрамын маусым алдында толықтырған болатын. Жалпы саны «Ақтөбе» сапында ол биыл барлық жарыстарда 11 матч өткізіп, бір гол соқты.

“Қолдау танытқан жанкүйерлерге алғыс білдіргім келеді. “Ақтөбеде” өнер көрсету мен үшін бір ғанибет болды. Тұтас қала футболмен өмір сүреді және тіпті көшеде келе жатқанда адамдар үнемі жылы лебіздерін білдіріп жататын. Оған қоса командадағы серіктестеріме рақмет айтқым келеді. Осы маусымда чемпион болуларын тілеймін. Өз тарапымнан жеңіс үшін алаңдағы әрбір ойында бар күшімді салып ойнағанымды айтып өтсем деймін. “Ақтөбе” футбол клубы чемпион болғанын қалаймын”, – деп қоштасты Маляров.

«Ақтөбе» футбол клубы Никитаға да алғыс айта отырып, оның алдағы мансабына сәттілік тілейді.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі