Жаттығуларға қатысу ережесі

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

«Ақтөбе» облыстық футбол клубы» акционерлік қоғамының Футбол орталығында балалар мен оларды сүйемелдейтін адамдардың бізбен бірге болуын барынша жайлы және қауіпсіз ету үшін белгілі бір Ережелер бекітілген.

Баланы қабылдау туралы өтінішке қол қою сіздің Ережелерімізбен келісетініңізді және оларды орындауға дайын екеніңізді білдіреді.

ЕРЕЖЕЛЕР:

Топтар жас ерекшелігі бойынша жинақталады. Топтық сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіледі. Оқытудың оң нәтижесін алу үшін сабақтарға жүйелі түрде қатысу ұсынылады. Ата-ананың сабаққа қатысуына тек футбол орталығының басшысы ғана рұқсат бере алады. Сабаққа қатысқан ата-аналар телефондарында дыбыссыз режімді қосуы керек, сонымен қатар сабақ кезінде басқа ата-аналармен қатты сөйлеспеуі және жаттықтырушыны жаттығудан алаңдатпауы керек. Іс-әрекетке және оқу процесіне араласуға қатаң тыйым салынады.

Балалар мен ата-аналар барлық мәселелер бойынша жаттықтырушымен тікелей байланысады.

Егер бала ауырса немесе аурудың айқын белгілері болса, басқа балаларды жұқтырмау үшін оны сабаққа әкелмеуіңізді және бұл туралы жаттықтырушыға хабарлауыңызды сұраймыз. Ауырғандығына байланысты ұзақ уақыт бойы сабақтан (3 жаттығудан астам) болмағаннан кейін ата-аналар баланың сау екендігі туралы дәрігердің анықтамасын ұсынуы керек.

Каникулға немесе басқа себептерге байланысты жаттығулардан жоспарланған үзіліс алу туралы жаттықтырушыға алдын ала хабарлау қажет.

Ұялы байланыс нөміріңіздің кез келген өзгерісі туралы бізге дер кезінде хабарлауыңызды сұраймыз.

Футбол орталығының басшысы жаттықтырушы ауырып қалған немесе мәжбүрлі түрде келе алмаған жағдайда оны ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Жаттығуға қатысу ережелерін жүйелі түрде сақтамаған жағдайда, футбол орталығының басшысы оқу-жаттығу жиындарына қатысу мүмкіндігін тоқтату туралы мәселені қарауға құқылы.

ОҚУШЫЛАР КЕЛЕСІ СЕБЕПТЕР БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛУЫ МҮМКІН:

  • Командаластарымен арадағы дөрекі қарым-қатынас.
  • Ата-аналардың жаттықтырушы тұлғасына қатысты және Клуб басшылығына деген анайы және құрметсіз қарауы.
  • Маусымның соңындағы бақылау-өтпелі емтихандардан өте алмау.
  • Жаттықтырушыға немесе футбол орталығының басшысына ескертусіз, сондай-ақ денсаулығына байланысты үш ай ішінде 5 реттен артық жаттығулардан жүйелі түрде кешігу немесе жіберіп алу.