Рақмет, Ыдырыс!

16.Aug.2023

“Ақтөбе” футбол клубы мен ресейлік шабуылшы Идрис Умаев өзара тоқтамға келіп, арадағы келісім-шартты бұзысты.

24 жастағы форвард “Ақтөбеге” маусым басталар тұста “Ахмат” клубынан жалға ауысып, ақ-қызылдар сапында әртүрлі турнирде 15 матч өткізді. Ол ойындарда 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ақтөбеде жүріп Идристің өзі шаңырақ көтерді. Аз уақыттың ішінде ол қалың жанкүйердің сүйікті ойыншыларының біріне айналды.

“Ақтөбе” футбол клубы Умаевқа біздің командаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейді.