ҚКФЛ басшысы «Ақтөбе» ФК стадиондарының дайындығын тексерді

15.Apr.2021

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Ақтөбе қаласында орналасқан Қобыланды Батыр атындағы және ОСДЮШОР №8 стадиондарын тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясының сертификаттау комиссиясы «Ақтөбе» футбол клубының қосымша арена ретінде тіркелген стадионында OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын өткізу үшін инфрақұрылымының минималды талаптарына сай болмағандықтан аталмыш аренада ресми ойындарды өткізуге тыйым салды.

Бұл сұрақ Ақтөбе қаласы әкімінің жеке бақылауында болып, қысқа мерзім ішінде шешімін тапты. Аренада орын алған барлық қателіктер жойылды, соның ішінде командаларға арналған шешінетін бөлмелер, төрешілерге және инспекторға арналған бөлмелер жабдықталды, сонымен қатар тікелей эфирлерді түсіру тобына арнайы бөлме, телевизиялық камераларға арналған платформалар салынды.

– Өткен тексеру кезінде Қазақстан футбол федерациясының сертификаттау комиссиясы анықтаған барлық қателіктер жойылғанына көзім жетті. Қазіргі уақытта стадион көктем кезіндегі OLIMPBET-Чемпионатының ойындарын өткізу үшін минималды талаптарға сәйкес келеді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы стадионда ойындарды өткізуге және турнир кестесіндегі ұпайларды қайтаруға өтініш жолдайды. «Ақтөбе» футбол клубының басты аренасы Қобыланды Батыр атындағы стадион маусымға дайындығын пысықтауда. Түнде орын алатын ауа температурасы табиғи төсеніштің бірқалыпты өсуіне қедергі келтіруде. Бұл стадионда өткізілген команданың жаттығулары алаң сапасын төмендетуі ықтимал. Сол себепті ауа райы жылынғаннан кейін, команда негізгі алаңға оралуғы мүмкіндік алады, – деді ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев.