Bem-vindo a Aktobe, Rogério!

18.Feb.2022

«Ақтөбе» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Рожерио дос Сантос Алвешпен келісім-шартқа отырғанын қуана хабарлайды.

25 жасар форвард бізге Украина Премьер-лигасында өнер көрсететін «Львов» футбол клубынан жалға ауысып келді. «Шина» деген лақапатпен танымал жас орталық шабуылшы алғашында өзінің туған қаласы Сан-Паулудағы «Жувентус» және «Ваи-Ваи» клубтары сапында доп тепкен.

2017 жылдан бастап украиналық «Карпаты» мен жоғарыда аталған «Львов» құрамында 50-ге жуық кездесу өткізіп, сегіз гол және төрт нәтижелі пасымен көзге түскен. 2021 жылдың наурыз айында УПЛ үздік ойыншысы деп танылған.

«Ақтөбенің» кезекті су жаңа ойыншысы Рожерио Алвешке қызыл-ақ жанұяға қош келдің дейміз!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі