Bienvenido, José Francisco!

08.Feb.2024

29 жастағы эквадорлық орталық жартылай қорғаушы Хосе Франсиско Севальос Энрикес “Ақтөбе” футбол клубының жаңа ойыншысы атанды. Келісім-шарт мерзімі — екі жыл.

Гуаякиль қаласының тумасы Хосе Энрике — “ЛДУ Кито” клубының түлегі. Туған клубымен бірге Эквадор чемпионы атанған. 2013 жылы туриндік “Ювентус” клубына жалға беріліп, Италияға қоныс аударады.

Кейіннен ол “ЛДУ” клубына қайта оралып, 2018 жылы бельгиялық “Локерен” ұжымына ауысады.

Бұдан бөлек, Севальос португалиялық “Портимоненсе” және эквадорлық “Эмелек” клубында өнер көрсеткен. Өз елінің 17 және 20 жасқа дейінгі, сондай-ақ Эквадор ұлттық құрамасында ойнаған. Жастар құрамасымен бірге Оңтүстік Америка ойындарының күміс жүлдегері атанған.