Dobrodošli, Andrija! 

14.Feb.2023

Dobrodošli, Andrija!

«Ақтөбе» футбол клубы 25 жастағы хорват шабуылшысы Андрия Филиповичпен келісім-шартқа отырды.

Риека қаласының тумасы өз отанындағы «Цриквеница», «Риека» және словениялық «Мура» мен «Горица» құрамында доп тепкен. 2015 жылы Италияға қоныс аударып, туриндік «Ювентус», сондай-ақ «Специя» мен «Сиена» сапында бағын сынайды.

Кейіннен Албанияның “Партизани” клубына ауысады. Соңғы маусымды «Атырауда» өткізіп, барлық турнирлерде 15 гол соқты және 4 ассист берді. Өткен маусым барысында бес мәрте турдың үздіктер құрамасына енсе, чемпионат соңында біріншіліктің символикалық құрамына енді.

Андрияға ақ-қызыл жанұяға қош келдің дей отырып, біздің командамен бірге зор табыстарға жетуін тілейміз.