MATCHDAY

06.Apr.2021

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия құрамасымен кездеседі.

Футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанның басты командасы, Венгрия ұлттық құрамасымен кездеседі. Будапешт қаласындағы «Amália Sterbinszky Sports Hall» өтетін ойын, бүгін Ақтөбе уақытымен 17:00 басталады. Матч “QAZSPORT” телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамыны шақырту алғандар қатарында ақтөбелік Нұрбек Қарағұлов пен Арнольд Кнауб бар.

“Ақтөбе” футбол клубының баспасөз қызметі