FC Aktobe
«Ақтөбе» ойыншыларының жарақаттары жайлы ақпарат
FC Aktobe

«Ақтөбе» ойыншыларының жарақаттары жайлы ақпарат

21 тамыз 2026

Иван Ордец, Бағдат Қайыров, Виталий Латурнус және Дмитро Топаловтың жарақаттары мен олардың командадағы жай-күйі туралы ақпарат.

Жарақаттағы ойыншылар туралы «Ақтөбе» капитандарының бірі Иван Ордец соңғы екі ойынға қатыса алмады. Орталық қорғаушының оң сан бұлшықеті зақымдалған, қазіргі таңда Ваня емделіп, қалыпқа келу үстінде. Өткен қос матчтың біреуіне қатысқан жағдайда ойыншы кемінде бір айға қатардан шығып қалу қаупінде тұрды. Бұл жайлы бас бапкер Игорь Черевченко да баспасөз мәслихатында айтқан еді. Негізгі капитан Бағдат Қайыровтың жалпы құрамға оралатын күні әлдеқайда жақын. Багада сол жақ санының шап бұлшықеті жарақаты болған еді. Жас шабуылшы Виталий Латурнус шап және іш бұлшықеті жарақаттарынан емделіп жатыр. Оның толық құрамға оралуы өз жай-күйіне және оңалту рәсімінің сәтті аяқталуына байланысты. Дмитро Топалов сан жарақатынан айығып, командамен ортақ жаттығуға кірісті. Құрметті жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінен лазареттегі ойыншылар туралы ахуалдан саяси астар іздемеуді сұраймыз.