FC Aktobe
Әйелдер Чемпиондар лигасына аккредитация қабылдау басталды
FC Aktobe

Әйелдер Чемпиондар лигасына аккредитация қабылдау басталды

7 шілде 2026

«Ақтөбе» ФК 4-7 тамыз аралығында өтетін Әйелдер Чемпиондар лигасы матчтарына спорт журналистеріне арналған аккредитация қабылдау басталғанын хабарлайды.

Women’s Champion League аккредитациясына өтінім қабылдау басталды 🌟🗞️ «Ақтөбе» футбол клубы 2026 жылы Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының біздің алаңдағы матчтарында (4-7 тамыз) жұмыс істейтін спорт журналистеріне арналған аккредитацияға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аккредитациядан өткен БАҚ өкілдеріне: — матч өтетін күні спорттық аренаға кіруге; — баспасөзге арналған арнайы аймақтағы орынға енуге; — матчты бастау хаттамасын алуына рұқсат беріледі.

Бас редактордың/бас редактор орынбасарының қолымен БАҚ бланкісінде талап етілетін аккредитация түрін міндетті түрде көрсете отырып: (басылым/фото/радио) өтініш хатты merey.kupzhanov@gmail.com электронды мекен-жайына жіберулеріңіз сұралады.

Өтінімдер 15 шілдеге дейін қабылданады және аккредитация алғашқы ойын (Динамо Минск – Серветт) болатын күні беріледі.

Толық ақпаратты төмендегі байланыс нөмірі арқылы алуға болады: 8-702-282-08-46 Әсет Жомарт