FC Aktobe
Латурнус пен Артурұлы Қазақстан U19 құрамасына шақырылды
FC Aktobe

Латурнус пен Артурұлы Қазақстан U19 құрамасына шақырылды

21 мамыр 2026

«Ақтөбе» шабуылшысы Латурнус пен «Тараз»қа жалға берілген Артурұлы Еуропа чемпионаты іріктеуіне шақырылды

Латурнус Қазақстан U19 құрамасына шақырту алды 🇰🇿

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасының 6-тобында жарыс жолын бастайды.

Топтық кезең матчтары Грекияның Салоники қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 3 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді. Екінші турда 6 маусымда Сербиямен кездессе, соңғы ойында 9 маусымда алаң иелері Грекия құрамасымен ойнайды.

Құрамаға «Ақтөбе» жас шабуылшысы Виталий Латурнус шақыртылды. Сондай-ақ «Тараз» сапына жалға берілген түлегіміз – қорғаушы Хасен Артурұлы жасөспірімдер құрамасына шақырту алған.

Сәттілік!