Ақтөбелік Қазыбек Қалмағамбетов – әлем чемпионы!🥇🇰🇿
Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ақтөбелік балуан Қазыбек Қалмағамбетов алтын жүлде жеңіп алды.
Финалда біздің күресші Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен белдесті. Тартысты кездесуде жоғары қарқын көрсеткен Қазыбек белдесудің соңғы секундтарында қарсыласының жауырынын кілемге тигізіп, 13:7 есебімен таза жеңіске жетті.
Қазыбектің чемпиондық жолы:
Іріктеу: Себастьян Вагнер 🇩🇪 — 9:0 1/8 финал: Амрин Наттер 🇺🇸 — 1:1, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс Ширек финал: Мұхаммед Әбделрахим 🇪🇬 — 4:1 Жартылай финал: Петро Житовоз 🇭🇺 — 7:5 Финал: Михаил Марковский 🇧🇾 — 13:7, таза жеңіс
Осылайша, Қазыбек финалға дейін қазіргі әлем чемпионы мен Еуропа чемпионын жеңіп, бірде-бір жеңіліссіз жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!




