Welcome to Aktobe, Gaby!

23.Jan.2024

28 жастағы камерундық орталық қорғаушы Габи Кики “Ақтөбе” ойыншысы атанды.

Кики Жуниор мансабын өз отанындағы “Бомс” клубында бастаған. Кейіннен “Эдинг Спорт” клубына ауысады.

Содан соң Габи Беларусь еліне келіп, “Днепр” (Могилев), “Динамо-Брест” және “Рух” (Брест) клубтарында өнер көрсетеді. Белоруссия чемпионатын жеңіп, Кубоктің финалына дейін жетеді және аталмыш елдің Суперкубогін екі рет ұтады.

Сосын молдовалық “Шерифке” көшіп, Молдованың екі дүркін чемпионы атанады және екі дүркін Кубок иегері атағын жеңеді. “Шерифпен” бірге УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне екі мәрте шығады.