Марат Хайруллин – “Ақтөбе” ФК жаңа спорт директоры
FC Aktobe

Марат Хайруллин – “Ақтөбе” ФК жаңа спорт директоры

Назад к новостям
4 августа 2025 г.
Ақтөбе ФК спорт директоры болып команданың аңыз ойыншысы Марат Наильевич Хайруллин тағайындалды. Енді спорттық бағыттағы мәселелерді қатаң бақылауына алып, команданың жандануына үлес қоспақ. Марат Хайруллин – “Ақтөбе” футболының аңызына айналған ойыншы. “Ақ-қызыл” жейдеде 2007 жылдан 2015 жылға дейін доп тепті. Команданың құрамында 224 ойынға қатысып, 62 голымен бомбардирлер тізімінің көш басында. Марат Наильевичке жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!
Поделиться
Марат Хайруллин – “Ақтөбе” ФК жаңа спорт директоры | FC Aktobe