Бейсенбі күні Орталық стадионда \"Ақтөбе\" футбол клубының Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы грузиялық \"Торпедоға\" қарсы өтетін матчы алдындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған шаралардың кестесі:
2 тамыз
16:00-16:30 — Аккредитациядан өткен журналистерге УЕФА Конференция лигасының рұқсатнамаларын үлестіру
16:30-17:15 — \"Ақтөбе\" ФК бас бапкері Андрей Карповичтің және бір ойыншының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты
17:15-17:30 — БАҚ өкілдерінің \"Ақтөбе\" ФК ойын алдындағы жаттығуына қатысуы
18:30-19:15 — \"Торпедо\" ФК бас бапкері Стив Киннің және бір ойыншының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты
19:15-19:30 — БАҚ өкілдерінің \"Торпедо\" ФК ойын алдындағы жаттығуына қатысуы
3 тамыз
19:00 — Жанкүйерлердің Орталық стадионға кіргізіле бастауы
20:00 — \"Ақтөбенің\" ресми демеушісі Olimpbet компаниясы ұсынған жанкүйерлерге арналған мерч-шоп (+ промоутерлер)
20:55 — Тұңғыш президент атындағы Орталық саябақта үлкен экраннан \"Ақтөбе\" — \"Торпедо\" матчының тікелей көрсетілімі
21:00 — Матчтың басталуы (үзілісте жанкүйерлерге арналған түрлі ұтыстар ұйымдастырылады деп күтілуде)
23:00 — \"Ақтөбе\" және \"Торпедо\" бас бапкерлерінің қатысуымен өтетін матчтан кейінгі баспасөз мәслихаты
2 августа 2023
Поделиться

