FC Aktobe
Сенна Мианг – бело-красный!
FC Aktobe

Сенна Мианг – бело-красный!

14 июля 2026

Бельгийский защитник Сенна Малик Мианг стал новым игроком ФК «Актобе».

Сенна Мианг – ақ-қызыл! 🔴⚪️Бельгиялық қорғаушы Сенна Малик Мианг «Ақтөбе» футбол клубының кезекті жаңа ойыншысы атанды.29 жастағы ойыншы қорғаныстың ортасында да, сол жақ қапталында да ойнауға қауқарлы. 1,92 метр болатын бойы – орталық қорғаушы үшін таптырмас қасиет. Солақай футболшы қажет болса латераль (вингер) позициясын нығайта алады.Мәліктің әкесі Бонифасе – Конго құрамасында ойнаған. Футбол қанына сіңген Сенна өзі туған Антверпен қаласының жергілікті командасында және «Беершот» клубында тәлім тереді. Бала шағынан алғыр болған соң, Миангті италиялық скауттар байқап, миландық «Интер» академиясына шақырады. Көп ұзамай ол «нерадзурри» сапында А Сериясында дебют жасап, кейіннен «Кальяри» құрамына ауысады. Сондай-ақ Сенна бельгиялық «Стандард», «Серкль Брюгге» мен «Эйпен» клубтарында және мажарлық «Дьер» ұжымында өнер көрсеткен. Бельгияның барлық жасөспірімдер мен жастар құрамаларынан өткен. «Ақтөбе» футбол клубы Сенна Миангті қуана қарсы ала отырып, біздің клубпен бірге зор жетістікке жетуін тілейді.

Поделиться
Назад к новостям