Артем Кучин — #ОрдабасыАқтөбе матчының бас төрешісі

08.Май.2024

ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогінің ширек финалы аясындағы болатын матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

Футболдан OLIMPBET QFL Қазақстан Кубогі
1/4 финал
8 мамыр

Ордабасы – Ақтөбе

Төрешілер: Кучин Артем, Русяев Алексей, Быстров Дмитрий (бәрі Қарағандыдан)

VAR төрешісі: Измайлов Денис (Талдықорған)
AVAR төрешісі: Сысоев Антон (Көкшетау)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)
Инспектор: Сламбеков Қайрат (Алматы)

46 жастағы тәжірибелі Кучин өзінің мансаптық тарихында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 38 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның он төртеуінде ақтөбеліктер жеңіске жетсе, 11-ін тең ойнап, 13-інде жеңіліске ұшыраған.