«Ақтөбе» Алматыдағы қысқамерзімдік жиынын тәмамдады

14.Июн.2022

Қызыл-ақтардың оңтүстік астанадағы оқу-жаттығу жиындары 8-14 маусым күндері өтті.

«Ақтөбе» аталған жиыннан бүгін ұшып келді. Андрей Карпович шәкірттері апталық дайындық аясында алматылық «Қайратпен» екі бақылау матчын ойнады. Тараптардың алдын ала сөз байласуы бойынша матчтар жабық режімде өткізілді.

Еске сала кетейік, осы жексенбі күні, яғни 19 маусымда ақтөбеліктер сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі