«Ақтөбе» басшысы УЕФА отырысына қатысты

01.Май.2023

⚡️»Ақтөбе» басшысы УЕФА отырысына қатысты

25-26 сәуірде Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде 2023-25 жылдар аралығындағы маусымға арналған футбол шараларын өткізу мәселелері бойынша Еуропа футбол қауымдастықтары одағының комитет отырысы өтті.

«Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев аталмыш комитеттің мүшесі ретінде осы отырысқа қатысты.

Басқосу барысында еуропалық футбол органы алдағы маусымдардағы футболдық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берді. Комитет шешімі енді УЕФА Атқару комитетінде қаралады.

Еске сала кетейік, жазда «Ақтөбе» өз тарихында алғаш рет УЕФА Конференция лигасының іріктеуінде өнер көрсетеді.

🔴⚪️

⚡️Руководитель «Актобе» принял участие в заседании УЕФА
 
25-26 апреля в штаб-квартире УЕФА, расположенной в швейцарском городе Ньоне, было проведено заседание комитета Союза европейских футбольных ассоциаций по вопросам проведения футбольных мероприятий на 2023-25 годы.
 
Председатель правления футбольного клуба «Актобе» Ерлан Джамантаев, который входит в состав данного комитета, принял участие в этом заседании.
 
В ходе заседания европейским футбольным органом дан ряд предложений по организации футбольных мероприятий в предстоящих сезонах. Решение комитета также будет рассмотрено в Исполнительном комитете УЕФА.
 
Напомним, летом «Актобе» впервые в своей истории выступит в квалификации Лиги конференций УЕФА.