«Ақтөбе-U19» футзал командасы — Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

13.Май.2022

Қарағанды қаласында өткен ақырғы екі ойынның алғашқысында жергілікті «Тұлпардан» есе жіберіп (2:5), қарымта матчта жеңісті жұлып алған (4:3) жігіттеріміз ҚР Біріншілігін үшінші орынмен аяқтады.

Рудныйлық «Аят» чемпионат жеңімпазы атанса, алматылық «Қайрат» күміс алқа тағынды. «Тұлпар» мен «Атырау» командалары төртінші және бесінші орындарға табан тіреді.

Шуманбаев шәкірттері бұдан бөлек U17 командаларының арасында Қазақстан чемпиондары атанған болатын.

Құттықтаймыз!