«Ақтөбе-U19» — Қазақстан чемпионы

05.Май.2023

«Ақтөбе-U19» — Қазақстан чемпионы

Сержан Шуманбаев шәкірттері біріншіліктің аяқталуына 3 ойын қалғанда футзалдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қарағандыда өтіп жатқан турдың алғашқы матчында рудныйлық “Аят” жастарын жеңген (7:1) біздің жігіттер мерзімінен бұрын чемпиондықты тойлап жатыр.

Бұған дейін Алматы, Рудный және Орал қалаларында өткен турларда да биіктен көрінген ақтөбеліктер қазіргі таңда 39 ұпай жинап, екінші орындағы командадан 11 ұпайға ұзап кеткен.

Енді аталмыш турда 19 жасқа дейінгі футзалшылар “Бәйтерекпен” (0:4), “Қайратпен” және “Тұлпармен” ойын өткізбек.

Жарайсыңдар, жігіттер!