Балашов: «Қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастыру қажет, себебі кәсіби ойыншылардың келуі балалар үшін мейрам»

29.Сен.2021

«Ақтөбе» шабуылшысы Виталий Балашов бүгін өткен қайырымдылық акциясы жайлы өз ойын білдірді.

— Бүгін біздің команда Зеньковичтің командасынан екі бас жоғары болды (күледі). Біз оларды өз айып алаңында қателесуге мәжбүрлеп, автогол салдырдық. Есеп 1:0 болып біздің пайдамызға аяқталды.

Ал егер қалжыңсыз айтар болсақ, иә, Игорь дұрыс айтып өтті. Мұндай акциялардың болғаны өте қуанышты. Кәсіби ойыншылар келсе, балалар үшін бұл мейрам деп айтса да болады.

Өйткені бұл оларға жақсы мысал, үлгі болады деп ойлаймын. Футболшылардан жас өрендер көп нәрсе үйрене алады. Осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұру қажет. Біздің демеушіміз PM Foundation ұйымына да игі бастама үшін алғыс айтамын.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі