Біз біріксек, алынбас қамал жоқ

06.Май.2024

«Ақтөбе» – «Астана» матчында ойыншылар #КүшімізБірлікте деп жазылған ақ жейдемен алаңға шықты.

Бұл — ақ-қызылдардың осылайша алаңға биыл екінші рет шығуы. “Ақтөбе” мен “Жеңіс” матчында клуб қайырымдылық акциясын жасап, матч билеттерінен түскен қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге аударған еді.

Осы жолы “Ақтөбе” тілсіз жаудан жапа шеккен 1000 адамды сенбілік матчқа тегін кіргізді.