Денис Измайлов — #ҚызылжарАқтөбе матчының бас төрешісі

10.Май.2024

ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 8-тур матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

OLIMPBET QFL Премьер-лига
8-тур
12 мамыр

Қызылжар – Ақтөбе

Төрешілер: Измайлов Денис (Талдықорған), Белоградов Дмитрий, Карлов Евгений (екеуі де Павлодар)

VAR төрешісі: Гороховодацкий Сергей (Алматы)
AVAR төрешісі: Навроцкий Иван (Астана)
Қосалқы төреші: Пучков Станислав (Петропавл)
Инспектор: Салий Павел (Өскемен)

47 жастағы Измайлов жалпы өзінің төрешілік мансабында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 17 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның тоғызында ақтөбеліктер жеңіске жетсе, бесеуінде тең ойнап, үшеуінде жеңіліс тапқан.