Игорь Зенькович: «Даңқты клубқа оралғаныма өте қуаныштымын»

09.Авг.2021

«Ақтөбе» ФК сапына үшінші мәрте оралып отырған шабуылшы клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өз әсерлерімен бөлісті:

«Даңқты клубқа қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Себебі «Ақтөбе» — Қазақстандағы менің ең сүйікті командам.

Мұндағы атмосфераны, бақытты шақтарды сағынған едім. Осы мүмкіндікті ұсынып отырған клуб басшылығына алғыс білдіремін.

Командаға мейлінше көмектесіп, барынша барлық мақсат-міндеттерді орындауға атсалысамын деп сенемін», — деп ағынан жарылды Игорь.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі